Абдуллакимова Махаббат ел чемпионатында жүлдегер атанды!

Таеквондо (WT) жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты аясында өткен екінші жарыс күнінде тартысты жекпе-жектер жалғасын тапты. Елдің әр өңірінен жиналған үздік спортшылар өзара мықтыны анықтап, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті.
52 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Абдуллакимова Махаббат табандылық пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, нәтижесінде қола жүлдені иеленді. Жас спортшының сенімді қимылдары мен тактикалық сауаттылығы оның жүлделі орынға лайық екенін дәлелдеді.
Бұл жетістік – жүйелі дайындықтың, жаттықтырушылар еңбегінің және спортшының қажырлы еңбегінің нәтижесі. Түркістан төріндегі бұл жеңіс Махаббат үшін үлкен тәжірибе ғана емес, алдағы биік белестерге бастар маңызды қадам болды.
Абдуллакимова Махаббатты жүлделі орнымен құттықтаймыз! Жеңісті күндер жалғасын таба берсін!