Оқ ату

Оқ ату спорты ең ежелгі қолданбалы спорт түрлерінің бірі болып саналады. Ол сонау садақ пен арбалет заманында пайда болды. 14 ғасырдың ортасында садақтар мен арбалеттер атыс қаруына айналды, содан кейін оқ ату белсенді түрде дами бастады. 1449 жылы алғашқы атыс қаруынан ату қоғамдары Францияда, кейін Англия мен АҚШ-та пайда болды. 1896 жылы мылтық пен тапаншадан ату жарысы 1896 жылғы бірінші Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді, ал 1897 жылдан бастап оқ атудан әлем чемпионаттары жүйелі түрде өткізіле бастады.