Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі, Республикалық спорт колледжінің студенті Аянат Жұмағали Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қола медаль жеңіп алды.

Спортшы 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі мәрте үздік үштікке енді. “Жұлқа серпу” (толчок) жаттығуында Аянат 128 килограмм көрсеткішпен үшінші орын иеленді.
Тағы бір қоланы Жұмағали Қазақстанға қоссайыс қорытындысы бойынша әкелді — оның жалпы нәтижесі 221 килограмм болды.
“Жұлқа көтеру” (рывок) жаттығуында спортшы 93 килограмм нәтиже көрсетіп, бесінші орынға табан тіреді.
Аянатты лайықты өнер көрсетумен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер тілейміз!