Біздің асхана студенттер үшін дұрыс BJU балансы бар сауатты мәзірді әзірлейді
Колледжі асханасы куніне 5 уақыт колледжі спортшыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін жаттығу үдерісімен қатар спортшының дұрыс тамақтануы жетекші орын алады. Жаттығушылардың дұрыс тамақтануы денсаулығының жетістігі және қалыпты дамуының кепілі болып табылады, сондықтан да тәрбиеленушілердің тамағының нәрлілігі мен құрамы, құнарлығы талапқа сай болуы үнемі қадағаланып отырады. Асханада жаз бен күз айларына, қыс пен көктем айларына арналған екі апталық ас мәзірі бекітілген. Асханамызда дайындалған тамақтың дайындау технологиясын бақылау және тәрбиеленушілерге қауіпсіз және сапалы тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында арнайы бракераждық комисия жұмыс жасайды Асхана ішінде тамақ пісіру, азық түлік сақтау бөлмелері барлық санитарлық ереже талабына сай жабдықталған. Арнайы технологиялық құралдармен, тамақ пісіретін қажетті электр плиталары, ыдыс аяқтар және тоңазытқыштармен қамтылған. Асхананың материалдық -техникалық базасы жақсы деңгейде жұмыс жасайды. Асхана бөлімінде білікті азпазшылар мен арнайы диетологтың бақылауымен ас мәзірі дайындалып отырады. Басты мақсатымыз ас мәзірінің құнарлығы мен сапасын арттыру.