Республикалық спорт колледжінің 55 жылдығы аясында Қазақ ұлттық спорт университеті мен Республикалық спорт колледжі арасында маңызды серіктестік меморандумы қол қойылды.

Бұл құжат дене шынықтыру мен спортты дамытуға, спорттық резервті даярлауға, сондай-ақ бірлескен білім беру, оқу-жаттығу, ғылыми-әдістемелік жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Екі ұйымның студенттері мен оқытушылары мастер-класстарға, жаттығу жиындарына, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады. Бұл кәсіби дағдыларды жетілдіруге және еліміздің жаңа чемпиондарын даярлауға жол ашады.

Меморандумға қол қою — бұл тек ресми рәсім ғана емес, қазақстандық спорттың болашағы үшін маңызды қадам, бірлескен жобалар, инновациялық әдістемелер және жаңа жеңістерге жол ашатын мүмкіндік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *