Біздің жатақхана қандай

Республикалық спорт колледжінің жатақханасында тәулік бойы жұмыс атқаратын, балаларға кез келген уақытта көмек бере алатын тәрбиешілер мен кезекшілер бар. Жатақханада 115 бөлме, жалпы жатақхана орыны 400 балаға шақ. Бөлмелерде 3-4 баладан жатады. Бүгінгі күнге жатақханада 251 бала орналасқан, 153 студент (118 ұл, 35 қыз бала), 98 оқушылар (79 ұл, 19 қыз бала). Екі оқу залы, шахмат залы, киім үтіктейтін бөлмелер, теледидар көріп дем алып отыратын фое бар. Сенбі, жексенбі күндері іс-шаралар, мәдени бағдарламалар, спорттық және интеллектуалдық ойындар өткізіледі, театр, цирк, кино, концерт, музейлерге экскурсияға апарылады. Атаулы күндерде концерттік бағдарламалар, спорт ардагерлерімен кездесу өткізіледі.

 

ҚОНАҚ БӨЛМЕЛЕРІ

ОРТАҚ БӨЛМЕЛЕР