Республикалық спорт колледжінің студенті Жайдар Мұқат Манама (Бахрейн) қаласында өткен Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медальға ие болды.

53 кг салмақ санатында финалға шыққан Жайдар Үндістан спортшысы Яшитамен кездесті. Кездесу 5:5 есебімен аяқталды, бірақ қарсылас күрестің соңғы сәттерінде нәтижелі қимыл көрсеткендіктен жеңісті қанжығалады.

Әрине, бұл Жайдардың соңғы жарысы емес, алда талай алтындарға жететініне еш күмәніміз жоқ! Жайдарды және оның бапкерлерін тамаша нәтижемен құттықтаймыз және халықаралық аренада жаңа жеңістер тілейміз!


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *