Республикалық спорт колледжінің студенті Сания Солтанғали Манама (Бахрейн) қаласында өткен Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медальға ие болды.

53 кг салмақ санатында өнер көрсеткен Сания финалға дейін сенімді түрде жетті. Соңғы кездесуде ол жапон спортшысы Нана Козукамен кездесті. Нәтижесі 0:10 болса да, финалға шығуы біздің спортшының жоғары дайындық деңгейін және табандылығын көрсетті.

Санияны және оның бапкерлерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!



Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *