Республикалық спорт колледжінің студенті, жеңіл атлет Маргарита Косинова Манама қаласында (Бахрейн) өткен Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды!
Қарқынды 400 метрге жүгіру жарысының финалында медаль тағдыры соңғы метрлерде шешілді. Маргарита табандылық пен жігер танытып, құрлықтың мықты спортшылары арасында екінші нәтижені көрсетті.
Маргаританы және оның бапкерлерін тамаша нәтижемен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен спорттық табыстар тілейміз!
