Испанияның Мостолес қаласында дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогы басталды. Беделді халықаралық жарысқа 23 елден 500-ден астам спортшы қатысуда.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан жастар құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Алтын медаль иегері:
Махатова Руслана (+78 кг)

Күміс медаль иегерлері:
Роллан Қайырғали (–66 кг)
Гүлсезім Турлыбек (–78 кг)

Қола медаль иегері:
Мухамедали Закиров (–73 кг)

Қазақстандық спортшылардың Еуропа кубогындағы табысты өнер көрсетуі жастар құрамасының жоғары деңгейдегі дайындығын және халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғауға дайын екенін көрсетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және олардың бапкерлерін құттықтаймыз! Жас спортшыларымызға алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *