21 ақпан мен 2 наурыз аралығында Астана қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл жарыс дәстүрлі түрде еліміздегі жас балуандар үшін ең маңызды дода болып саналады.

Аталған чемпионатта еліміздің барлық өңірлерінен келген мықты спортшылар бақ сынады. Республикалық спорт колледжінің студенттері де жоғары дайындықтарын көрсетіп, жүлделі нәтижелерге қол жеткізді.

Чемпион атанған спортшылар:

Куанышбек Медина — 50 кг
Солтанғали Сания — 55 кг
Елжан Аида — 59 кг
Бекен Жаныл — 65 кг
Саяхмет Нурайым — 65 кг
Тілеухан Улдана — 68 кг

Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының құрамасы командалық есепте 1 орын иеленді.

Бұл нәтижелер Республикалық спорт колледжі спортшыларының жоғары деңгейдегі дайындығын және жаттықтырушылардың жүйелі еңбегінің жемісін көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *