2026 жылдың 20-22 ақпан күндері Беларусь Республикасының Минск қаласында еркін күрестен халықаралық турнир өтті. Дәстүрлі түрде жоғары деңгейде ұйымдастырылатын бұл жарысқа әлемнің мықты балуандары қатысып, өзара бақ сынады.

Аталған беделді халықаралық турнирде Республикалық спорт колледжінің намысын екі спортшы қорғап, жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

65 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Серікұлы Әди тартысты белдесулердің нәтижесінде 3 орын иеленді. Ол жарыс барысында жоғары техникалық шеберлігін, төзімділігін және жеңіске деген жігерін көрсетті.

92 кг салмақ дәрежесінде күрескен Қасымбек Бейбарыс та қола жүлдеге қол жеткізді. Қарсыластарымен өткен тартысты белдесулерде ол өзінің мықты дайындығын көрсетіп, халықаралық деңгейдегі жарыстың жүлдегері атанды.

Айта кету керек, екі балуан да халықаралық аренада жоғары деңгейдегі шеберлік пен сенімді күрес үлгісін көрсетіп, Республикалық спорт колледжі спортшыларының дайындығының жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.

Еске сала кетейік, Минск қаласында өтетін бұл халықаралық турнир үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведьдің құрметіне ұйымдастырылады және еркін күрес бойынша ең беделді халықаралық жарыстардың бірі болып саналады. Турнирге жыл сайын әлемнің көптеген елдерінен мықты балуандар қатысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *