Алматы қаласындағы Р е с п у б л и к а л ы қ спортқа бейімделген балаларға арналған Олимпиада резервтерін даярлайтын мектеп-интернат 1971 жылы 15 тамызда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың қолы қойылған қаулысы бойынша ашылды. Мемлекет Республикалық спортқа бейімделген балаларға арналған Олимпиада резервтерін даярлайтын мектеп-интернат ұжымына төмендегідей міндеттер жүктеді: Қазақстан Республикасының шалғай жатқан ауылдарына спортқа бейімі бар балаларды іріктеп, жалпы орта білім, тәрбие беру және спорттың 20 түрінен Олимпиада резервтерін даярлау, яғни Республика бойынша жастар арасында спорт деңгейін арттыру, дамыту.
Жоғарыдағы талаптарға байланысты Республикалық Олимпиада резервтерін даярлайтын мектеп-интернатқа тәжірибелі ұстаздар, тәрбиешілер, жаттықтырушы-бапкерлер іріктеліп қабылданды. Республикалық спорт мектеп-интернатында оқыған балалар мемлекет қамқорлығымен толық қамтылды. Оларға жатақхана тегін беріліп, тәулігіне 5 рет тамақтандыру қарастылырды. Ай сайын керекті құрал-жабдықтар ауыстырылып, Алматы қаласы бойынша спорт кешендеріндегі жаттығуға арнайы көлікпен жеткізіліп отырды. Спорттың жеңіл атлетика, суға жүзу, суға биіктен секіру, еркін күрес, грек-рим күресі, футбол, дзюдо, конькимен сырғанау, қол добы (қыздар, ұлдар арасында), велоспорт, спорттық гимнастика, семсерлесу түрлері дамыды. Сонымен бірге, оқу Спорт – ұлттың рухын асқақтатады А ТАРИХ 19 РКС: стартовая площадка бағдарламасы жалпы орта білім беру мектеп бағдарламасымен сәйкес, күн тәртібінде үй тапсырмасын орындау, күніне 2 рет жаттығу, 8-9 сағат ұйқы, апта сайын кино, театрға апару белгіленді. Оқушылар денсаулығы үнемі бақылауда болды және олар 4, 5, 6-сыныптарға қабылданып, қазақ және орыс тілдерінде оқыды.