2025 жылғы 20 маусым күні РГКП «Республикалық спорт колледжінде» оқу орнын бітіруші студенттерге салтанатты түрде диплом табысталды. Бұл – колледж ұжымы мен жас спортшылар үшін маңызды әрі толғанысқа толы сәт.

Биыл колледжді 41 студент сәтті аяқтап отыр. Олар еліміздің спорт саласына өз үлесін қосуға дайын жас мамандар:
Семсерлесу – 3
Дзюдо – 7
Таеквондо – 2
Еркін күрес – 4
Әйелдер күресі – 1
Грек-рим күресі – 8
Бокс – 10
Ауыр атлетика – 5
Жеңіл атлетика – 1
Колледж басшылығы түлектерге жылы лебізін білдіріп, олардың алдағы өмір жолына сәттілік пен толағай табыстар тіледі. Шара барысында ұстаздар, ата-аналар мен спорт федерацияларының өкілдері жас спортшылардың жетістіктерін ерекше атап өтті.

«Сіздердің әрқайсыңыз – Қазақстан спортының болашағы. Қай салада жүрсеңіздер де, алған білімдеріңіз бен спорттық рухтарыңыз сіздерге сенімді жолсерік болсын», – деді колледж директоры, Ислам Байрамуков.