Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын – «Республикалық спорт колледжіне» 7, 8, 9, 10 және 11-сыныптарға оқушыларды қабылдау ережелерін жариялады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
-
7, 8 және 9-сыныптарға түсушілер үшін — 1 маусымнан 20 тамызға дейін (қоса алғанда)
-
10 және 11-сыныптарға түсушілер үшін — 15 маусымнан 15 тамызға дейін (қоса алғанда)
Құжаттарды қабылдау колледждің кеңсесі арқылы жүргізіледі:
-
Дүйсенбі мен жұма аралығында — сағат 09:00–18:30
-
Түскі үзіліс: 13:00–14:30
-
Демалыс және мереке күндері — қабылдау жүргізілмейді
Қабылданатын спорт түрлері:
-
Әйелдер күресі
-
Бокс
-
Грек-рим күресі
-
Дзюдо
-
Еркін күрес
-
Жеңіл атлетика
-
Ауыр атлетика
-
Таэквондо
-
Суға секіру
-
Қылыштасу (фехтование)
-
Дәлдеп ату (пулевая стрельба)
-
Заманауи бессайыс (пятиборье)
Қабылдау емтихандары:
-
21 тамыз — Жалпы дене дайындығы бойынша емтихан
-
22–23 тамыз — Таңдалған спорт түрі бойынша арнайы дене дайындығы емтиханы
-
25 тамыз — Пәндер бойынша тестілеу:
-
Математика және логика
-
Қазақстан тарихы
-
Оқу сауаттылығы
-
Барлық емтихан кезеңдері ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бейне және дыбыс жазбасымен тіркеледі
Қажетті құжаттар тізімі:
-
Бір ата-анасының немесе заңды өкілінің еркін түрде жазылған өтініші
-
Талапкер мен оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттар
-
10–11 сыныпқа түсушілер үшін — білім туралы аттестат
-
Белгіленген үлгідегі спортшының жеке карточкасы
-
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес медициналық құжаттар
-
3×4 көлеміндегі 6 фотосурет
-
Спорттық дайындық туралы анықтама және спорттық атақтар мен жетістіктерді растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда)
-
Дипломдар, мадақтамалар, жарыстар хаттамаларының көшірмелері (бар болған жағдайда)
Артықшылықты құқыққа ие талапкерлер:
-
Республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері
-
«Спорт шебері», «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Спорт шеберлігіне кандидат» атақтарына ие спортшылар
-
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (қажетті құжаттар мен спорттық жетістіктері болған жағдайда)
Қабылдау қорытындысы:
-
Оқушыларды қабылдау 26 тамызға дейін қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі
-
Қабылданғандар тізімі колледждің ресми сайтында және ақпараттық бұрышта жарияланады
-
Қабылдаудың негізі — қабылдау комиссиясының шешімі негізінде колледж директорының бұйрығы
Шағымдану тәртібі:
Егер талапкер немесе оның заңды өкілі қабылдау нәтижесімен келіспесе, олар колледж басшысының атына, уәкілетті органдарға немесе сотқа ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
Қосымша ақпарат:
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған:www.gov.kz/entities/msm → «Қызметтер» бөлімінде
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІНІҢ БІРІНШІ КУРСЫНА ОҚУҒА ТҮСУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ: