Бүгін Онтүстік Кореяның Гуми каласында женіл атлетикадан XXVI Азия чемпионатынын шымылдығы түрілді. Жарыстын алғашкы күнінде 20 шакырымдық, спорттық жүріс сайысында алғашкы жүлделер сарапқа салынды. Әйелдер арасындағы жарыста сынға түскен отандасымыз Ясмина Тоқсанбаева жүлдегерлер қатарынан көрінді.
27 мамыр күні таңертен өткен 20 шакырымдық спорттық, жүріс жарысына 11 спортшы катысты. Олардын арасында Кореядан — 3, Жапониядан — 2, Қытайдан — 2,Индонезиядан — 2, ал Мьянма мен Казакстаннан бір-бір спортшыдан болды. Отандасымыз аталган кашыктықты 1 сағат 32 минут 15 секундта жүріп өтіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл — Ясминанын жеке рекорды. Бұған дейінгі үздік көрсеткіші — 1:33:11 болатын.

Яғни, Тоқсанбаева өз нәтижесін 56 секундқа жақсартты. Бұл — 20 жастаты атлетіміз үшін тамаша нәтиже.
Сондай-ак дәл осы бағдарламада ерлер арасында тағы бір отандасымыз — Георгий Шейко сынға түсіп, мәре сызығын жетінші болып кесті. Бүгінгі жарыс күні әлі аякталған жоқ.
Отандастарымыз бірнеше бағдарламада финалдық сайыстарын өткізеді.
Айта кетейік, Гуми каласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан кұрамасы сапында 31 жеңіл атлет (13-і ер, 18-і әйел) жүлделер үшін сынға түсуде.