КІТАПХАНА
Кітапхана туралы ақпарат
Республикалық спорт колледжі кітапханасы – колледждің құрылымдық бөлімшесі және ақпараттық білім орталығы болып табылады. Колледж кітапханасының негізгі мақсаты – білім мекемесінің профиліне сәйкес кітап қорын сапалы жинақтау, сақтау, мамандықтар бойынша әдебиеттермен қамтамассыз ету, оқырмандарға тиімді ақпараттық орта құру және ақпарат ресурстарын пайдалану мүмкіндігін тудыру. Заман талабына сай кітапхананың қызмет жүйесіне жаңа технологияны енгізе отырып, ақпаратты библиографиялық, кітапханалық қызмет көрсету арқылы оқушылар мен студенттерді кітапханаға тарту, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Республикасының конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдаған жолдауларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігі, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің нұсқаулары мен қаулы – қарарларын және басқа да құқықтық — нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып «Республикалық спорт колледжі» кітапханасы өзінің алдына мынандай міндеттер қояды:
Кітапхана — кітап қорын бүгінгі күн талабына лайық деп саналатын маңызды, құнды басылымдармен, оқулықтармен, әдістемелік нұсқаулармен, оқу құралдарымен ,электрондық оқулықтармен, ғылыми , көркем, әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен қамту және толықтыру. Колледж «Дене шынықтыру және спорт» мамандарын «Спорт жаттықтырушысы- оқытушы» біліктілігі бойынша маман дайындап шығаруына байланысты, әдебиеттердің, оның ішінде қазақ тіліндегі арнаулы әдебиеттермен кітап қорының үнемі толықтырып отыруын қадағалай отырып, сол бағытта жұмыс жасайды. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде және Қазақстан халқын біріктіруші тіл ретінде одан әрі дамыту саясатына атсалысып, оқушылар мен студенттер арасында көпшілік іс – шараларды жаңа формада өткізуді жалғастыру, колледждің оқу және тәрбие жұмыстарына белсене араласу. Колледж кітапханасы – оқушылар ме мен студенттердің , кітапхананың барлық мүмкіндіктерін , ақпараттық ресурстарын пайдаланып, ұлттық және әлемдік құндылықтарды кітап оқу арқылы бойына дарыта отырып, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай тудырып, олардың өздігінен білім алуына жан — жақты өсіп – дамуына қолайлы орта жасап келеді.
Біздің кітапхананың ережелері
- Build your confidence so you can ask for that promotion or close business deals