(РСК) Мектепке түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) Ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Оқуға түсушінің ата-анасының немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
4) Осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы;
5) (Мектептің мөрімен расталған соңғы оқу жылының табель көшірмесі) Негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат немесе жалпы орта білім туралы аттестат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (10 және 11 сыныптарға оқуға түсетін кезде) (табель көшірмесі);
6) (Спорттық мекеменің мөрімен расталған разрядтың көшірмесі) Куәліктің немесе мынадай спорттық атақтарды немесе спорттық разрядтарды беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме: «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат», 1-разрядты спортшы, 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы, мынадай спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың көшірмесі, немесе бұйрықтан үзіндінің көшірмесі, немесе 7-сыныпқа түсу кезінде спорт ұйымынан бастапқы даярлық кезеңінен өткені туралы анықтама немесе спорт секцияларында даярлықтан өткені туралы жалпы білім беретін мектептен анықтама;
7) 3х4 өлшемдегі төрт фотосурет;
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының 3-қосымшасымен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының түпнұсқасы, атап айтқанда:
- № 075/у нысандағы медициналық анықтамасы (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) өтінім беру күніне дейін 14 күнтізбелік күн бұрын;
- қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 14 күнтізбелік күн бұрын;
- стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (фтизиатр) (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындылары)өтінім беру күніне дейін 14 күнтізбелік күн бұрын;
- № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасы (бар болған жағдайда);
- № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелердің картасы;
- эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама өтінім беру күніне дейін 14 күнтізбелік күн бұрын;
- жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындылары өтінім беру күніне дейін 14 күнтізбелік күн бұрын;
- электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытындысы өтінім беру күніне дейін 14 күнтізбелік күн бұрын;
- мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде).
9) РСК-на оқуға түсушілер үшін бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғаны туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының көшірмелері (бар болған жағдайда);