Республикалық спорт колледжінің бірінші курсына оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі:
1) Еркін нысадағы өтініш;
2) Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Жалпы орта білім туралы аттестат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
4) (Спорттық мекемемен расталған спорттық атақтың немесе разрядтың расталған көшірмесі) «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» келесі спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың (бұйрықтан үзінді) көшірмесі;
5) 3х4 өлшемдегі төрт фотосурет;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының 3-қосымшасымен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының түпнұсқасы, атап айтқанда:
- № 075/у нысандағы медициналық анықтамасы (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) өтінім беру күніне дейін 14 күнтізбелік күн бұрын;
- қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 14 күнтізбелік күн бұрын;
- стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (фтизиатр) (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындылары)өтінім беру күніне дейін 14 күнтізбелік күн бұрын;
- № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасы (бар болған жағдайда);
- № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелердің картасы;
- эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама өтінім беру күніне дейін 14 күнтізбелік күн бұрын;
- жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындылары өтінім беру күніне дейін 14 күнтізбелік күн бұрын;
- электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытындысы өтінім беру күніне дейін 14 күнтізбелік күн бұрын;
- мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде) өтінім беру күніне дейін 14 күнтізбелік күн бұрын;
7) Республикалық спорт колледжіне оқуға түсушілер үшін бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғаны туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының көшірмелері (бар болған жағдайда);
8) Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы;
ЕСКЕРТУ: Спорт шеберіне үміткер спорттық разряды болмаған студенттер оқуға қабылданбайды (жеңіл атлетика үшін 1-ші спорттық разряд)